CONFERENCE
20-21 қазан 2023
(Гибридті формат)
II Орталық Азия конгресі
Алматы қ.
БЕТАШАР СӨЗ
Құрметті әріптестер!
CACU-2023 II Орталық Азия конгресі – урология мәселелеріне қалай болғанда да қызығушылық танытатын мамандар үшін ең жарқын оқиғалардың бірі. Осы ғылыми алаң аясында әлемдік деңгейдегі сарапшылардың жемісті диалогына қосылу үшін Сіздерді 20-21 қазан күндері әсем қала Алматыға келулеріңізге шақыруға өте қуаныштымын.

CACU-23 Конгресінде онкоурологияның, консервативті және оталық урологияның, андрологияның, балалар урологиясының, несеп-тас ауруы мен репродуктивті бұзылыстарды емдеудің барлық өзекті мәселелерін қамтитын мазмұнды бағдарлама ұсынылатын болады. Урологиялық тәжірибедегі жаңартпашыл тәсілдер, эндурология және неврологиядағы заманауи технологиялар жан-жақты қаралатын болады. Қатысушыларды әртүрлі білім беру форматтары - дәрістер, симпозиумдар, шеберлік сабақтары, клиникалық шолулар және тірі хирургия секциялары күтеді.

Конгресс ғылыми-зерттеу, клиникалық және ағартушылық жұмыстың соңғы нәтижелерін біріктіруге, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерге тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беруге, алдағы қызметтің мүмкіндіктері мен болашағын талқылауға арналған. Сіздерді маңыздылығы ешбір күмән тудырмайтын шарадан шет қалмауға және оған қатысуға шақырамын. Қосылыңыз!
Әнуар Тұрсұнжанұлы Аманов
«Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас урологы, CACU Президенті, Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығының төрағасы, м.ғ.д.
Конгресс туралы
Конгресс аясындағы 4 формат:
  • 1 формат

    Дәрістер
  • 2 формат

    Клиникалық бақылауларды талдау
  • 3 формат

    Сателлиттік симпозиумдар
  • 4 формат

    Тірі хирургия
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДАНУЫ
  • Урологтар
  • Андрологтар
  • Онкологтар
  • Онкоурологтар
  • Хирургтер
  • Репрудоктологтар
  • Нефрологтар
  • Акушер-гинекологтар
НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАМАЛАР
  • Урологиялық тәжірибенің іргелі ғылыми аспектілері
  • Урологиялық ауруларды диагностикалаудағы стандартты және жаңартпашыл тәсілдер
  • Заманауи урологияның негізгі даму жолдары
  • Онкоурологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңартпалар
  • Несеп-тас ауруы: жаңа 2023 жыл, ескі мәселе
  • Эндурологиядағы заманауи технологиялар
  • Телемедицина және урология
  • Балалар урологиясы
  • Урологиядағы реконструктивті-пластикалық хрургиядағы жаңартпалар
  • Урологиядағы және онкоурологиядағы дәрімен емдеу
  • Нейроурология
  • Андрология, ер азамат денсаулығы.
  • Жекелендірілген ҚРТ тәсілдері: не жаңалық?

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

  • Әнуар Тұрсұнжанұлы Аманов

    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

    «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас урологы, CACU Президенті, Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығының төрағасы, м.ғ.д.
  • Боб Джаван

    ТЕҢ ТӨРАҒАЛАР

    Рудольфинерхаус клиникасының урология бөлімінің меңгерушісі (Вена, Австрия), уролог-дәрігер, м.ғ.д., профессор.
  • Болат Уахитұлы Шәлекенов

    ТЕҢ ТӨРАҒАЛАР

    «Ер Азамат Денсаулығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» урология, андрология және сексопатология кафедрасының меңгерушісі, Ресей урологтар ғылыми қоғамы басқармасының мүшесі, Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, м.ғ.д., профессор.
  • Локшин Вячеслав Нотанович
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Президент Казахстанской Ассоциации репродуктивной медицины, ректор Международной академии репродуктологии, Президент Ассоциации международных фармацевтических производителей, директор Международного клинического центра репродуктологии PERSONA, академик Национальной академии наук Республики Казахстан, д.м.н., профессор.
  • Кайдарова Диляра Радиковна
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Председатель Правления АО «КазНИИОР», главный внештатный онколог Министерства здравоохранения Республики Казахстан, Президент Ассоциации онкологов Республики Казахстан, академик Национальной академии наук Республики Казахстан, д.м.н.
  • Магомед Алхазурович Газимиев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Ұлттық медициналық зерттеу орталығының «урология» профилі бойынша Директоры, РФ ДСМ И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті ЖБМАББМ Урология және ұрпақ жаңғырту денсаулығы институты директорының орынбасары (Сеченов университеті), Ресей урологтар қоғамының атқарушы директоры, м.ғ.д., профессор
  • Всеволод Борисович Матвеев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Ресей онкоурологтар қоғамының Президенті, РФ ДСМ Н.Н.Блохин атындағы Онкология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы директорының ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Урологтар Қоғамы төрағасының орынбасары, Ресей Урологтар Қоғамы Басқармасының мүшесі, м.ғ.д., профессор
  • Зуфар Шавкатович Хакимходжаев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, «Мырзалардын ден соолугу» қоғамының төрағасы, м.ғ.к., доцент.
  • Мамет Чарыевич Чарыев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Түрікменстан Мемлекеттік медицина университетінің урология курсымен факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі, Түркіменстанның бас урологы, м.ғ.д.
  • Исматулло Нусратуллоевич Нусратуллоев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    «Урология» Республикалық клиникалық орталығының Директоры, ТР ДСМ бас урологы, м.ғ.д.
  • Шухрат Тұрсынұлы Мұхтаров
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Республикалық мамандандырылған урология ғылыми-практикалық орталығының директоры, м.ғ.д., профессор.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығы
  • Орталық Азия урологтарының конгресі
  • Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы

МЫНА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
  • Еуропалық урологтар қауымдастығы
  • Американдық урологтар қауымдастығы
  • Ресей урологтар қоғамы
  • Халықаралық урологтар қоғамы
  • Ирандық урологтар қауымдастығы
  • Қырғыз Республикасының урологтар мен андрологтар қауымдастығы
  • Түрік урологтар қауымдастығы
  • Бахрейн корольдік ауруханасы
  • Рудольфинерхаус жеке клиникасы, Австрия
Алина Назарова

Техникалық ұйымдастырушы
+ 7 705 450 85 67
info@urology.kz