CONFERENCE
20-21 қазан 2023
II Орталық Азия урологтарының конгресі
Алматы қ.
(Гибридті формат)
CACU24-ке дайындық басталды
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға/WhatsApp хабарласыңыз: +7-707-1234-007
Сәлемдеме сөз
Құрметті әріптестер!
CACU-2023 II Орталық Азия урологтарының конгресі – урология мәселелеріне қалай болғанда да қызығушылық танытатын мамандар үшін ең жарқын оқиғалардың бірі. Осы ғылыми алаң аясында әлемдік деңгейдегі сарапшылардың жемісті диалогына қосылу үшін Сіздерді 20-21 қазан күндері әсем қала Алматыға келулеріңізге шақыруға өте қуаныштымын.

CACU-23 Конгресінде онкоурологияның, консервативті және оталық урологияның, андрологияның, балалар урологиясының, несеп-тас ауруы мен репродуктивті бұзылыстарды емдеудің барлық өзекті мәселелерін қамтитын мазмұнды бағдарлама ұсынылатын болады. Урологиялық тәжірибедегі жаңартпашыл тәсілдер, эндурология және неврологиядағы заманауи технологиялар жан-жақты қаралатын болады. Қатысушыларды әртүрлі білім беру форматтары - дәрістер, симпозиумдар, шеберлік сабақтары, клиникалық шолулар және тірі хирургия секциялары күтеді.

Конгресс ғылыми-зерттеу, клиникалық және ағартушылық жұмыстың соңғы нәтижелерін біріктіруге, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерге тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беруге, алдағы қызметтің мүмкіндіктері мен болашағын талқылауға арналған. Сіздерді маңыздылығы ешбір күмән тудырмайтын шарадан шет қалмауға және оған қатысуға шақырамын. Қосылыңыз!
Әнуар Тұрсұнжанұлы Аманов
«Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас урологы, CACU Президенті, Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығының төрағасы, м.ғ.д.
Конгресс туралы
Конгресс аясындағы 4 формат:
  • 1 формат

    Дәрістер
  • 2 формат

    Клиникалық бақылауларды талдау
  • 3 формат

    Сателлиттік симпозиумдар
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДАНУЫ
Урологтар
Андрологтар
Онкологтар
Онкоурологтар
Хирургтер
Репрудоктологтар
Нефрологтар
Акушер-гинекологтар
НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАМАЛАР
  • Урологиялық тәжірибенің іргелі ғылыми аспектілері
  • Урологиялық ауруларды диагностикалаудағы стандартты және жаңартпашыл тәсілдер
  • Заманауи урологияның негізгі даму жолдары
  • Онкоурологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңартпалар
  • Несеп-тас ауруы: жаңа 2023 жыл, ескі мәселе
  • Эндурологиядағы заманауи технологиялар
  • Телемедицина және урология
  • Балалар урологиясы
  • Урологиядағы реконструктивті-пластикалық хрургиядағы жаңартпалар
  • Урологиядағы және онкоурологиядағы дәрімен емдеу
  • Нейроурология
  • Андрология, ер азамат денсаулығы.
  • Жекелендірілген ҚРТ тәсілдері: не жаңалық?

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

  • Әнуар Тұрсұнжанұлы Аманов

    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

    «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас урологы, CACU Президенті, Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығының төрағасы, м.ғ.д.
  • Боб Джаван

    ТЕҢ ТӨРАҒАЛАР

    Рудольфинерхаус клиникасының урология бөлімінің меңгерушісі (Вена, Австрия), уролог-дәрігер, м.ғ.д., профессор.
  • Магомед Алхазурович Газимиев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Ұлттық медициналық зерттеу орталығының «урология» профилі бойынша Директоры, РФ ДСМ И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті ЖБМАББМ Урология және ұрпақ жаңғырту денсаулығы институты директорының орынбасары (Сеченов университеті), Ресей урологтар қоғамының атқарушы директоры, м.ғ.д., профессор
  • Зуфар Шавкатович Хакимходжаев
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, «Мырзалардын ден соолугу» қоғамының төрағасы, м.ғ.к., доцент.
  • Шухрат Тұрсынұлы Мұхтаров
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Республикалық мамандандырылған урология ғылыми-практикалық орталығының директоры, м.ғ.д., профессор.
  • Болат Уахитұлы Шәлекенов
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    «Ер Азамат Денсаулығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» урология, андрология және сексопатология кафедрасының меңгерушісі, Ресей урологтар ғылыми қоғамы басқармасының мүшесі, Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, м.ғ.д., профессор.
  • Якуб Закирович Хахазов
    «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары, уролог-дәрігер, андролог.
  • Ләззат Асанқызы Жантелиева
    «Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасының ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі орынбасары, жоғары санатты уролог-дәрігер, м.ғ.д.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығы
  • Орталық Азия урологтарының конгресі
  • Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы

МЫНА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН

Әкімшіліктің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Басенов к-сі, 2